Пойыз жүруде

283
көрілім

Өскемен мен Семей қаласынан Жалаңашкөлге пойыз жүруде. Суға түсу үшін облыс орталығынан демалыс орнына бағыт алған тұрғындар пойыз арқылы «Достық» станциясына 16 сағатта жете алады.

Бекітілген кесте бойынша пойыз төрт күнде бір рет жүреді. Бес вагоннан тұратын пойыз Өскеменнен 16.29-да шығады. Жол жүру уақыты – 16 сағат.

– Семейде №161 пойыз да осы уақытта жолға шығады, – дейді Өскемен-1 станциясының басшысы Елена Ларионова, – Шар қаласында екеуі біріктіріліп Ақтоғайға дейін жүреді. Ал сол жерде вагондарды №641 пойызға тіркейді де Жалаңашкөлдегі «Достық» станциясына жеткізеді.

Билеттердің сатылымы 15 маусымда басталған болатын. Өскемен-Жалаңашкөл бағытындағы плацкарттың бағасы 2886 теңге. Билетті теміржол кассалары мен онлайн сатылым арқылы ала аласыз.

Талғатжан МҰХАМАДИЕВ