Республика өңірлеріндегі әкімдердің жасы нешеде?

963
көрілім
Шартты фотосурет

Қазіргі аймақ басшыларының арасында қамал бұзар жасқа жетіп, өңір басқаруға дер шағында келген әкімдермен бірге алпысты алқымдап, жетпіске желіп бара жатқандары да бар, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Бірқатар республикалық деректерде аймақ, қала басшыларының жасы анықталып, ең егдесінен бастап жасына дейін рет-ретімен жазылған екен.

Сонымен республикалық портал мәліметіне сүйенсек, Шымкент шаһарының басшысы Мұрат Әйтенов ең жас әкім. Жасы 39-да. Керісінше, ең қарт аймақ басшысы қазіргі уақытта Алматы облысын басқарып отыр. Ranking.kz мәліметінше, Амандық Баталов қазір 68-де. Зейнет жасына әлдеқашан шығып қойса да әлі де мемлекеттік қызметтен кеткісі жоқ. Оның ізін ала Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев екінші сатыға жайғасқан. Шығыс Қазақстанның экс-әкімі де 68 жаста болғанымен, Амандық Ғаббасұлынан екі жарым айға кіші. Үздік үштікті Шығыс өңірінің басшысы 66 жастағы Даниал Ахметов қорытындылап тұр. Десе де Даниал Кенжетайұлы маусым айының 15-і күні 67-ге аяқ басады.

Бұдан соң 50 мен 60 жас аралығында тоғыз әкімді тізімнен көруге болады. Атап айтсақ, Атырау облысы, Алматы қаласы, Ақтөбе, Түркістан, Маңғыстау, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Батыс Қазақстан өңірлерінің басшылары.

Сондай-ақ мамандар нәзік жандылар арасында бір аймақты тізгіндеген Гүлшара Әбдіхалықованы да тілге тиек етті. Қызылорда облысының әкімі қазір 56 жаста.