Риддер қонақ үйінен өрт шықты

411
көрілім
Шартты сурет

29 тамызда түнгі сағат 3 шамасында Риддер қаласының 4-шағын ауданында монша орналасқан қонақүй ғимаратында киім ауыстыратын бөлмеге қарасты төбе мен қабырғалар жанып кеткен, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер 15 шаршы метр аумақтағы өртті сөндірді.

Өрт кезінде қонақүйде тұрған 10 спортшы бала ғимараттан эвакуацияланды. Өртті сөндіруге барлығы 4 техника мен жеке құрамның 11 адамы жұмылдырылды.

Өрттің шығу себебі - электр жабдықтарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталмауы.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті нысан иелеріне өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды және құқық бұзушылықтарды дер кезінде жоюды ескертеді.

Өрт дабылының автоматты жұмыс істеп тұруы, өрт сөндіру құралдарының жеткілікті түрде болуын қолға алу маңызды мәселе.

Өрт болған жағдайда дереу 101 немесе 112 телефондарына хабарласыңыз.