Риддерде 600 орындық мектеп құрылысы басталмақ

146
көрілім
Фотосурет Egеmen.kz сайтынан

Риддерде «Қазмырыш» ЖШС-мен меморандум аясында 600 орындық қазақ тілінде оқытатын орта мектептің құрылысы басталатыны мәлім болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

ШҚО әкімі Ермек Көшербаев Риддерге жұмыс сапары барысында жаңа мектептің құрылысын бақылауда ұстауды тапсырды. Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың желтоқсан айында ШҚО әкімдігі мен "Казцинк" ЖШС және Риддер әкімдігі арасында үшжақты меморандумға қол қойылды. Мектептің жер телімі белгіленді. Аталған мектеп заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілмек.

Сондай-ақ, «Жайлы мектеп» бағдарламасы аясында «Samruk-Kazyna Construction» АҚ қалада аралас тілде оқытатын 600 орындық тағы бір мектеп салуда. Жобаның іргатасын биыл аяқтау жоспарланған.

ШҚО әкімінің баспасөз қызметі