Семей автокөлік құрастыру зауыты «Алтын сапа» сыйлығына үміткер

318
көрілім

«СемАЗ» заманауи отандық автокөлік құрастыру зауыты ЖШС-і қазақстандық нарықта 9 жылдан астам уақыт бойы жұмыс істеп келеді. Зауыт өзін жоғары технологиялық, жоғары сапалы техниканың сенімді жеткізушісі ретінде танытты. Компания автокөліктерді, тіркемелерді және жартылай тіркемелерді жинау, сату жұмыстарымен айналысады.

2006 жылы Семей автокөлік құрастыру зауыты Оңтүстік Кореялық DAEWOO BUS корпорациясымен бірге DAEWOO заманауи қалалық және қала маңындағы автобустарды шығарады. Бұл өндіріс импортталатын машиналардың корпустары, шанақтары мен агрегаттарын жинақтаумен ғана емес, сондай-ақ дәнекерлеумен, рамалар мен корпустарды бояумен айналысатын Қазақстандағы алғашқы толық циклді автокөлік құрастыру кәсіпорны болды.

Өздеріңіз білетіндей, зауыттың өнімдері қазақстандық нарыққа ғана емес, Ресейге де экспортталады. «DAEWOO» автобустары біздің қысы қаһарлы күрт континентті климатымызда пайдалануға бейімделген сенімді, жайлы көлік болып табылады.

ШҚО Кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2009 жылы агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында «БЕЛАРУС» тракторларын құрастыру жобасы іске қосылып, сәтті дамып келеді. Бүгінгі таңда зауыт 0,2-ден 5 тоннаға дейін тарту күші бар, кез келген климаттық және жұмыс жағдайына арналған 10-нан астам түрлі тракторлар, сондай-ақ әртүрлі тіркемелермен жабдықталған тракторлар шығарады. Мұндай тракторлар көше-жол желісін күтіп ұстауға, әртүрлі жүктерді тасымалдауға, сонымен қатар экскаватор-тиегіш және бульдозер-тиегіш ретінде қолдану үшін таптырмас құрал.

Қазіргі қатаң бәсекелестік жағдайда зауыт алдыңғы қатарлы технологияларды қолдануға үлес қосып, қарқынды дамып келеді. Компанияның динамикалық даму көрсеткіштерінің бірі «URAL» және «SHACMAN» ауыр жүк көліктерін құрастыруға арналған екі жаңа желінің құрылысы болып табылады.

2006-2017 жылдар аралығындағы қысқа, әрі қиын уақытта «СемАЗ» ЖШС-і үлкен жетістіктерге қол жеткізді. 2016 жылы «Қазақстанның үздік тауары» номинациясында кәсіпорын диплом және ескерткіш медальмен марапатталды. Бұл жылы автоқұрастыру кәсіпорны «Алтын сапа» сыйлығына үміткерлердің қатарында.

ШҚО Аймақтық байланыс қызметі