Семей ШҚО-дағы ауасы ең көп ластанған қала санатына жатқызылды

368
көрілім
airlife.ua

«Қазгидромет» ШҚО қалалары мен елді мекендеріндегі ауа сапасы жайлы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

«Казгидромет» сәуір айында жүргізілген ауа сапасына қатысты сараптама жұмыстарының қорытындысын жария етті. Семей қаласында ауа ластануының жоғары деңгейі байқалса, Өскеменде ауа ластануының көтеріңкі деңгейі анықталды.

Сондай- ақ, Глубокое ауданы да соңғы аталған деңгейге жатқызылды. Риддер мен Зырян да ауа төменгі деңгейде ластанған.