Семей тұрғыны 70 келіден астам заңсыз ауланған балығын сатпақ болған

1002
көрілім

Қазан айының 25-і күні «Браконьер» жедел алдын алу іс-шарасы барысында Жарма ауданы Қалбатау ауылында көлік тоқтатылған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Анықталғандай, жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қызмет атқару барысында ШҚО ПД ЖПҚБ патрульдік полиция инспекторлары Берік Аққулов пен Мейіржан Жақсыбеков Омбы-Майқапшағай трассасының 913 шақырымында «Lada» маркілі автокөлікті тоқтатқан.

Көлік құралының құжаттарын тексеру барысында автомобиль салонында шортан, мөңке, көксерке балықтарын тиісті құжаттарсыз тасымалдағаны белгілі болды.

- Жүргізуші салмағы 70 келіден асатын балықты Көкпекті ауданының Тассай ауылынан Семейге апарып сату үшін тасымалдағанын айтты. Жалпы  мемлекетке келтірілген залал көлімі 78 000 теңгеден асады, - делінген мәліметте. 

Семей қаласының 26 жастағы тұрғынына қатысты ҚР ӘҚБтК - нің 389-бабының 1-бөлігіне сәйкес (жабайы жануарлар мен өсімдіктердің түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз иемдену, өткізу, тасымалдау, әкелу, әкету, сақтау) сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды.