Семейде бірнеше мәрте алаяқтық жасап сотты болған ресейлік Қазақстан аумағынан шығарылды

516
көрілім
Kursiv.kz

Семей қаласында талай адамды алдап-сулап ақша тапқан Ресей Федерациясының азаматы Қазақстан Республикасының аумағынан шығарылды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Ер адам бірнеше рет алаяқтығы үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Жәбірленушілермен келісімге келгендіктен түрмеге қамалмаған ол, заңға қайшы әрекеттерін жалғастыра беріпті. Сондықтан да Семей қалалық соты оны мемлекет аумағынан аластатуға үкім шығарды.