Семейде дәрігерлерге «Алғыс пакеттері» табысталмақ

316
көрілім
Фотосурет qazaqparat.kz сайтынан

«Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» Жастар Қанатының ШҚОФ Семей қалалық бөлімшесінің ұйымдастыруымен дәрігерлерге «Алғыс пакеттерін» табысталады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

17-шілде, 2020 жыл

«Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» Жастар Қанатының ШҚОФ Семей қалалық бөлімшесінің ұйымдастыруымен дәрігерлерге «Алғыс пакеттері» үлестіріледі.

Іс-шара COVID-19 пандемиясына қарсы күрес кезінде отандық дәрігерлерді қолдау аясында өткізіледі.

Әрбір пакетте дәрігерлерге арналған дәрумендер мен пайдасы мол өнімдердің оннан астам түрі салынған. Пакеттерге аталған өнімдер дәрігерлер ұсынысы бойынша дайындалған. Аталған акция Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында басталды.

Акция келесі мекен-жайда өтеді: Семей қаласы, Гагарин 254 көшесі, «Семей қаласының жұқпалы аурулар ауруханасы».


Жауапты тұлғалар:

+77072951408 - «Jas Otan» Жастар Қанатының ШҚОФ төрағасы Алмас Айтмұқаш.


+7 707 295 7739 - «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» Жастар Қанатының ШҚОФ Семей қалалық бөлімшесінің төрағасы Темірлан Бақтияров.