Семейде көлік көпір қоршауына соғылды

309
көрілім

Семей қаласында көлік көпір қоршауына соғылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Қалалық Полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 5 желтоқсанда сағат 00:34 шамасында шетелдік көлік жүргізушісі рульге ие болмай көпір қоршауына соғылған.

– Жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен ешкім жоқ. Бірақ материалдық шығын келтірілді, - деп хабарлады ведомство өкілдері.

24 жастағы жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.