Семейде көпқабатты үйден өрт шықты

1280
көрілім
Сурет ШҚО ТЖД

Өткен демалыс күндері Семейде көпқабатты үйлердің бірінен өрт шықты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Төтенше жағдай департаментінің мәліметінше, өрт бес қабатты үйдің екінші қабатында басталған.
– Кейін тілсіз жау үйдің балконымен жоғарғы қабатқа жайылды. Өртті сөндіруге алты техника жұмылдырылған. Жалын шарпыған жалпы аумақ 10 шаршы метрді құрады, – делінген мәліметте. – Ажал құшып, зардап шеккендер жоқ.
Департамент өкілдері өрттің шығу себебін отты абайсыз қолданумен байланыстырды.