Семейде Ресейден көлік әкеп беремін деп 2,5 млн теңгені қолды қалған ер адам қолға түсті

1843
көрілім
Шартты фотосурет

Қазан айының соңында Семей қалалық Полиция басқармасы Орталық полиция бөлімінің «102» жедел арнасына қаланың 31 жастағы тұрғыны жүгінді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Ол 2021 жылдың мамыр айында бейтаныс біреу «Toyota» автокөлігі арзан бағамен сатылатынын айтып алдап, сеніміне кіріп, ақшасын иемденгенін хабарлады. Келтірілген залал шамамен 2 500 000 теңгені құрады.

- Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде криминалдық полиция қызметкерлері 49 жастағы жергілікті тұрғынды анықтап, жеткізді. Күдікті тергеу барысында ұрланған қаражатты жеке қажеттіліктеріне жұмсағанын түсіндіріп, кінәсін мойындады. Жәбірленушінің онымен көлік жуу орнында танысқаны анықталды. Әңгіме барысында алаяқ нарықтық бағадан әлдеқайда төмен бағамен жақсы көлік әкеліп беруге уәде еткен. Келісімшарттан кейін ер адам күдіктіге 2 500 000 теңге берген, - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК - нің 190-бабы 1-бөлігіне (Алаяқтық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Оның санкциясында 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.