Семейде ТҚС механигі көлік ұрлады

440
көрілім

Техникалық қызмет көрсету станциясының механигі жөндеуден өткізуге тапсырған «Шевролет» автокөлігін рұқсатсыз айдап кеткен, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.
Затон полиция бөлімшесіне 48 жастағы ер адамнан көлігі жоғалғандығы туралы шағым түсірді. Жәбірленуші өзінің «Шевролет» автокөлігі мен кілтін жөндеу үшін қызмет көрсету станцияларының біріне қалдырған. Қайтып оралғанда көлік орнында жоқ екендігін байқайды. Келтірілген шығын 3 миллион теңгені құрады.
Оқиға орнына полиция бөлімшесінің жедел-тергеу тобы келіп, шағымданушы мен куәгерлерден түсінік алды.
Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде ұрланған көлік табылды. Көлікті техникалық қызмет көрсету станциясының 46 жастағы механигі тізгіндеген болып шықты.
Механиктің айтуынша, ол көлікті жай серуендеп қайту үшін пйадаланған.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодекстің 200-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.