Семейде жедел жәрдем қызметкері соққыға жығылды

695
көрілім

Семейде жедел жәрдем қызметкері соққыға жығылды, деп хабарлайды Бұқара.кз тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға жедел жәрдем бригадасы Дулатов көшесіндегі үйге шақыртуға келген кезде болған. Аулада көлік қоятын орын болмағандықтан, жүргізуші үйдің кіреберісіне әрең тоқтай алған. Дәрігер науқастың пәтерінде болған уақытта жедел жәрдем көлігіне Lexus жүргізушісі келген. Көліктен шыққан ер адам жедел жәрдем жүргізушісінен жол беруін талап еткен. Жүргізуші оған орын беру үшін кварталды қайта айналып келуі керек екенін, бірақ науқас тез арада ауруханаға баруы мүмкін болғандықтан алысқа кете алмайтынын айтып, түсіндіре басаған. Бірақ Lexus иесі айтқанына қайтпаған. Кейін ол ашуланып, шетелдік көлігін жедел жәрдем көлігі шыға алмайтындай қойып, жүргізушіне жұдырық ала жүгірген. Нәтижесінде медициналық бригада полицияға хабар берген. Сөйтсек, Lexus жүргізушісі бұған дейін де осы тектес әкімшілік құқық бұзғандықтан, жазаланған болып шықты.