Семейде жол жөндеуге байланысты қалаішілік №2 автобустың бағыты уақытша өзгереді

644
көрілім

Семей қалалық ішкі саясат бөлімі Семей қаласындағы жолдардың орташа жөндеуден өткізілуіне байланысты М.Жұмабаев көшесінің бір бөлігі уақытша жабылатынын ескертеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Семей қаласында жол құрылыс жұмыстары жүргізілуіне байланысты, М. Жұмабаев көшесінің (Абай көшесінен Найманбаев көшесіне дейін) бөлігі 2017 жылдың 15 мен 19 мамыр аралығында уақытша жабылады. Қалаішілік №2 автобус уақытша Орталық алаң арқылы Абай көшесімен жүреді.

Мейрамбек Қосажан