Семейдегі киізден басылған өнімдер ТМД нарығын жаулап алды

331
көрілім

Семейдегі «Роза» киіз басу фабрикасы «Алтын сапа» сыйлығына ұсынылып отыр. Кәсіпорын құрылған сәттен бастап көптеген өзгерістерге, дағдарыстар мен реформаларға тап болды. Алайда, компания бұл қиындықтарға қарамастан көптеген жетістіктерге жетті – өнімдері Республикада ғана емес, ТМД елдерінде де сұранысқа ие.

«Роза» ЖК-і 1991 жылы дәнекерлеу аппараты базасында негізін қалаған. Алты жылдан кейін «Роза» ЖК «Киізден жасалған бұйымдар» ұжымдық кәсіпорнын сатып алады. Кәсіпорын сын көтермейтін жағдайда еді: өндіріс технологиясын өзгертіп, цехтарды қайтадан жөндеуден өткізіп, жабдықтарды жөндеу және ауыстыру жұмыстарын жүргізу қажет болған.

Қысқа болғанмен кәсіпорын үшін өте қиын уақытта «РОЗА» ЖШС-і үлкен жетістікке қол жеткізіп, алға қойған мақсат пен міндеттерді орындады. 1999 жылы кәсіпорын жоғары сапалы тұтыну тауарлары өндірісі үшін диплом және естелік медалімен марапатталды.

Бүгінгі таңда «РОЗА» киіз басу комбинатының өнімдері ресейлік кәсіпорындармен ғана емес, шетелдік кәсіпорындармен де бәсекелеседі. Компания әртүрлі киіз аяқкиімдер, ұлтарақ, баскиімдер мен қолғап, дәнекерлеушілер мен болат қорытушыларға арналған жұмыс киімдерін шығарады. Өндірістер мен мал шаруашылығы нысандарын, автокөлік, құбыр желісін жылылауға арналған технология мен өнімдерді шығару үнемі жетілдіріліп отырады.

Бүгінгі таңда бәсекеге қабілеттілікті арттыру үшін кәсіпорында өнімдердің жаңа түрі шығарылады.

«Үздік тауар ШҚО – 2015» номинациясы бойынша «Роза» киіз басу комбинаты талмай еңбек етудің нәтижесінде ең үздік кәсіпкер деп танылды.

ШҚО Аймақтық байланыс қызметі