Семейлік палуан «ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері» атанды

183
көрілім

Еркін күрестен Әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері, екі дүркін Азия чемпионы Азамат Дәулетбековке «ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері» атағы берілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Қазір бұл палуан бар күшін алдағы Париж Олимпиадасына салып жатыр. Соңғы жылдары ірі бәсекелерде жүлде алып, біршама мықтылар санасатын азулы спортшылар қатарына еніп үлгерді.
Осы ретте таяуда ғана мәресіне жеткен күрес түрлерінен ел чемпионатынан босатылды. Семейлік палуан белдесетін 86 келіге дейінгі салмақта Иран, АҚШ атлеттерінен бөлек, басқа елдердің азаматтығын алып, белдесіп жүрген дағыстандықтар қиын қарсылас атанары сөзсіз.
Ал Астанада өткен аламанның марапаттау рәсімінде жерлесімізге жаңа спорттық атақ берілді. Жақсылық Үшкемпіров атындағы спорт кешеніне жиналған қалың жанкүйер алдында грек-рим күресінен Сеул Олимпидасының күміс жүлдегері Дәулет «ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері» атағын салтанатты түрде табыстады.
Әділхан ЕСІМХАНОВ (Фотосурет спортшының жеке парақшасынан)