Шешімін тапты

362
көрілім

Облыс орталығындағы Абай мен Михаэлис ескерткіштерінің бос тұғырын сәндеудің жаңа әдісі табылып, ол жерге "Рухани жаңғыру" логотипі орнатылды.

Естеріңізге салсақ, аталған тұғырға 2014 жылы Абай Құнанбаев пен Евгений Михаэлистің ескерткіштері орнатылып, бір тәуліктен соң алынып тасталған еді. Ол кезде ескерткіштен тарихи тұлғаларды емес, қолдарына смартфон ұстап өз-өздерін фотосуретке түсірген ергежейлілерді көрген қалалықтар әлеуметтік желілерді шулатып жіберген болатын.

Қалалық әкімдік мұндай логотиптің жалғыз Абай даңғылында ғана емес, сонымен қатар Сәтпаев даңғылының бойында да орнатылғанын тілге тиек етті.

- Қос конструкция да темірден жасалды. Ұзындығы - 9, биіктігі — 6 метр, жалпы салмағы  200 келі тартатын логотип түнгі уақытта жарық шашады, - деді Өскемен қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Әсем Қайратбек.

Ерлен ОСМАНОВ