ШҚО елдегі панталық өнім нарығын монополияландырып алғанын білесіз бе?

436
көрілім

Марал — Алтайдың тұяқты жануары, асыл тұқымды бұғының бір түрі. Ол туралы кптеген аңыздар мен мифтер айтылады.

Маралдың қаны мен мүйізі халық медицинасында ежелден бері пайдаланылады. Панта — жоғары биологиялық белсенділігі бар табиғи өнім. Ол маралдың жас мүйізінің кеуекті затынан алынады. Бұл әдіс әлемге белгілі және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің халықтық медицинасында 2000-нан астам уақыт қолданылып келеді. Арнайы тәсілмен өңделіп, ұнтақталған пантаны тағамға дәм беруші ретінде қосатын. Олар сергіткіш әсер беріп, сүйек және буын ауруларынан емдейді.

Бұғылар пантасының қасиетң ер адамдардың денсаулығына пайдалы екенін I Петр байқаған. Ол Ресей аумағында емдік қажеттіліктер үшін бұғы өсіруді бекіткен еді. Қазір бұл жануар аңыз жануар санатынан пайда әкелуші санатына ауысқан көрінеді.

Шығыс Қазақстандағы марал шаруашылығын 100 жыл бұрын ағайынды Шәріповтер құрды, олар ең алғашқы болып Оңтүстік Алтайды қоршауды ойлап тапқан екен.

Бүгінде маралдарды ШҚО-ның 16 шаруа қожалығы өсіріп отыр. Облыстағы бірқатар сауықтыру мекемелері пантамен емдеуді қолға алған, оның ішінде «Изумрудный» санаториі, Катонқарағай ауданындағы «Баян» пантымен емдеу емханасы, Көкпекті ауданындағы «Мараленок» және тағы басқалары.

Мамандардың пікірінше, марал шаруашылығы алдағы уақытта да осы Оңтүстік Алтайда дамиды. Шетелдерде марал өсірумен Жаңа Зеландия мен Австралияда айналысады. бірақ ол жерлерде маралдар жазық климатта, қорада өсіріледі. Сондықтан таулы шалғындарда табиғи жағдайда өсірілген ШҚО маралдарының пантасы пайдалы заттардан тұрады. Демек, біздің марал өсірушілеріміздің өнімдері әлемдік нарықта да жоғары бағаланады.