ШҚО палуандары 23 жасқа дейінгі ел чемпионатында бақ сынайды

507
көрілім

Тағы да еркін күрес шеберлері. Қуаныш Қабдықалықов пен Асқар Мұқашев бастап баратын спортшыларымыз 23 жасқа дейінгі ел чемпионаты алдында тыңғылықты оқу-жаттығу жиынына қатысқан болатын, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Сөзсіз, ең алдымен 65, 70 және 74 келіге дейінгі салмақтардан жүлде күтеді көпшілік. Соңғы жылдары аталған салмақтарда жүлдесіз қалған сәттер болмады. Фавориттер күтпеген жерден сайыспен қош айтысып, ізін басқан інілері жасындай жарқылдады. Қызылорда қаласында да әр палуанның жүлдегер атануына мүмкіндік мол.
U-23 жасқа дейінгі жастар арасындағы ел чемпионатына қатысатын ШҚО спортшыларның тізімі:
1. Сұлтан Құрманалиев 57кг
2. Мұхамед Балғабай 57кг
3. Азамат Түсіпбеков 61кг
4. Әсет Бауыржанов 65кг
5. Досымбек Тойбазаров 65кг
6. Досжан Әсетов 70кг
7. Еламан Ерболұлы 70кг
8. Әсет Қапанов 70кг
9. Шыңғыс Мұхаметқалиев 74кг
10. Жеңіс Қаныбеков 74кг
11. Айбар Жылқайдаров 79кг
12. Ерасыл Аманкелдиев 86кг
13. Муслим Лунин 86кг
14. Нұрдәулет Бекенов 92кг
15. Дархан Тұрдин 97кг
16. Тілекжан Қанат 125 кг
Аталған дода сәуір айының 8-11 аралығында өтеді.