ШҚО палуандары Ресейде өткен сайыста жүлде ала алмады

459
көрілім
Суретте Эльмира Сыздықова

Ресейдің Красноярск қаласында өткен Иван Ярыгин атындағы халықаралық турнирі еркін күрес шеберлері үшін сәтсіз аяқталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Әлем бойынша ең беделді турнирлердің бірі саналатын жарысқа Ресейдің әр түкпірінен қатысқан палуандардың өзі біршама еді. Дағыстан, осетин, шешен, аланиялықтардан бөлек, мәскеуліктер мен бурят, якутиялықтар да бар шеберліктерін паш етті. Әлем чемпионын Еуропа чемпионы ұтып, апсет жасап жарысқандай.

Өзге елден келген спортшылардан моңғол, америкалықтардың мерейі үстем болды. Шығысқазақстандықтардан бозкілемге беттеген Олжас Олжақанов (65 келі), Шыңғыс Мұхаметқалиев (74 келіге дейін), Азамат Дәулетбеков (86 келіге дейін) және риддерлік Олег Болтин (125 келі дәрежеге дейін) жүлде ала алмады. Айта кетейік, Дәулетбеков алғашқы айналымда тәжірибесі толысқан жергілікті палуандардың бірін ұтқан-тұғын, тек әрі қарай сәтті белдесуін жалғастыра алмады.

Қуанышқа орай, бұрымдылар арасында отандасымыз Эльмира Сыздықова 76 келіге дейінгі салмақта алтын медаль иеленді. Сыздықова шешуші сында беларусь өкілі Ксения Дзибуктың осал тұсын тапты.