ШҚО полицейлері Қарттар үйінде концерт өткізді

703
көрілім
Қазақстан полициясының 25 жылдығына орай, Өскемен қаласындағы ІІБ және Үлбі полиция бөлімшесінің қызметкерлері бірлесіп Солнечный кентінде орналасқан «Қарттар үйінде» мерекелік концерт ұйымдастырды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Полиция қызметкерлері арнайы құрылған концерттік бағларламамен қариялардың көңілін көтеріп, әдемі әуендер сыйға тартты. Асыл қарттар қауымы оларға өз ризашылықтарын білдіріп, осындай концерттерді асыға күтетіндерін айтты.

120 адамға арналған орталықта қариялар лық толы екен, – дейді қалалық ІІБ баспасөз қызметі, – Концертте қазақ және орыс тілдеріндегі патриоттық, әскери және заманауи өлеңдер шырқалды. Әскери әуендерді тыңдаған қарияларымыз жас кездеріндегі соғыс қияметтерін еске алып, көңілдері босап жабырқағандай сезімде болды. Ал заманауи өлең әуендерін құлақтары шалған олар, жас қызметкерлердің талантына риза болып, шапалақтарын аянып қалмады. Біраз қарттарымыз орындарынан тұрып музыкамен ілесіп бой сергітіп, билеп те алды.

 

Талғатжан МҰХАМАДИЕВ