ШҚО полицейлеріне 30-ға жуық азамат рухани-мәдени көмек көрсетті

945
көрілім

Аймақтағы тәртіп сақшылары полиция қызметкерлеріне көрсеткен рухани-мәдени көмектері үшін Өскемен тұрғындарына алғыстарын білдірді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

ШҚО Полиция департаментінің мамандары көктемнің алғашқы айын Алғыс айту күнімен орайластырып, бірлік пен ынтымақтастықты басшылыққа алған екен. Олардың сөздерінше, ауызбіршіліктің кепілі, қазіргі біздің қоғамымыздың негізгі іргетасы, ол жалпыға ортақ - Отанға деген махаббат.

- Алғыс айту күні қарсаңында Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің полиция қызметкерлері патриоттық, рухани, мәдени-эстетикалық тәрбие беруде көмек көрсететін және Полиция департаментінің мәдени-бұқаралық іс-шараларын өткізуге белсенді қатысатын Өскемен қаласының 27 азаматына жүрекжарды алғыстарын білдірді, - делінген мәліметте.

Белсенді азаматтарға ШҚО Полиция департаментінің бастығы Сағат Мадиевтің атынан Алғыс хаттар мен сыйлықтар табыс етілді.