ШҚО Полиция департаменті Кеңес әскерлерінің ауған жерінен шығарылғанына 31 жыл толуын атап өтті

260
көрілім

15 ақпанда Кеңес әскерлерінің ауған шекарасынан шығарылғанына 31 жыл толуына орай ШҚО Полиция департаментінде «Ұрпақтар сабақтастығы» атты диалог алаңы өтті, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

Аталған іс-шараға ШҚО Полиция департаменті басшысының орынбасары Р.Қ.Унарбеков, ШҚО Полиция департаменті мен Ұлттық Ұлан ардагерлер кеңесінің төрағасы, Полиция департаменті бастығының кеңесшісі Н.Г.Удербаев, кадр саясаты басқармасының бастығы, полиция полковнигі Н.К.Дадетов және ауған соғысына қатысушы, отставкадағы полиция қызметкерлері М.К.Мәжітаев пен М.А.Валсултанов, ШҚО бойынша ауған соғыс ардагерлері одағы төрағасының бірінші орынбасары М.А.Самылтыров қатысты.

Кездесу барысында қатысушылар ауған соғысына қатысқан полиция қызметкерлері туралы кітаптар мен материалдар қойылған көрмемен танысты.

- Ардагерлерді бүгінгі айтулы күнмен шын жүректен құттықтаймын, сондағы ерліктері мен батылдықтары үшін оларға алғыс білдіремін! - деп жылы лебізін білдірді ШҚО Полиция департаменті басшысының орынбасары, полиция полковнигі Унарбеков Ренат Қанатұлы.

Шара соңында ардагерлерге естелік сыйлықтар табысталды.