ШҚО Полиция департаментінің басшысы Маңғыстау облысына ауысты

303
көрілім

Генерал-майор Жанарбек Бақтыбаев Маңғыстау облысы Полиция департаментінің бастығы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

Жанарбек Бақтыбаев 1983 жылдан бастап ішкі істер органында жұмыс істейді. 2014 жылдан бастап ШҚО Полиция департаментінің бастығы болып қызмет атқарды.

Ішкі істер министрлігінің Орталық аппаратында, сондай-ақ Павлодар, Қостанай және Шығыс Қазақстан облыстарында Полиция департаментінің басшылық қызметінде үлкен тәжірибеге ие.