ШҚО спортшылары Еуропа Кубогінде жүлдегер атанды

450
көрілім
Фотосурет - Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен

Шығысқазақстандық Нұрлан Оразалин мен Мадияр Сембаев Ресейдің Орынбор қаласында өтіп жатқан дзюдодан ересектер арасындағы IX-шы ашық Еуропа Кубогінде үздік нәтиже көрсетті, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі ШҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сайыстың алғашқы күнінде қос бірдей шығысқазақстандық дзюдошы жартылай финалда иық тірестірді. 73 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен екі спортшымыз өзара кездесуге дейін татами иесі ресейлік, артынша әзірбайжандық спортшыларды ұтты.

Тартысты кездесуде Мадияр Сембаев командаласына жол берді. Ал, Нұрлан ақтық сында айқын жеңіске жетіп, осы салмақтың үздігі атанды.

Дзюдодан жастар арасындағы облыстың бас бапкері Бақытбек Дуановтың айтуынша, ауқымды жарыстарда бақ сынап, спортшылар әлемдік, одан бөлек, екі жылдан кейінгі болатын жазғы Олимпиада ойындарына қатысуға ұпайлар жинауда. Бұл татами шеберлері Өскемендегі Дзюдо орталығының шәкірттері.