ШҚО сыбайлас жемқорлыққа барғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғандар саны бойынша республикада бірінші орында тұр

442
көрілім
ria.ru

2018 жылдың басынан бері Шығыс Қазақстан облысында 69 лауазымды тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа барғандығы анықталды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

– Өңірімізде биылғы жылдың қаңтар айынан бастап сыбайлас жемқорлыққа барғаны үшін 40 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылған, – дейді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Сергей Потанин, – Бұл көрсеткіш бойынша біздің облыс республикада ең алдыңғы қатарда.

Бармақ басты, көз қыстыға барған шенеуніктер мемлекетке 240 миллион теңгеден астам материалдық шығын келтірген. Бүгінгі таңда бұл соманың 70 миллионы қайтарылыпты.