ШҚО ТЖД сауда орындарындағы жоспардан тыс тексерістің нәтижесін мәлімдеді

322
көрілім

Сауда үйлері, ойын-сауық орталықтары мен базарларды жоспардан тыс тексеру барысында өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылғандығы анықталды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Облыста барлығы 97 субъекті бар. Оның бірі 2014 жылы сот шешімімен жабылған болатын. Қалған 96 сауда нүктелерінде өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталмағандығы белгілі болды.

– Қазіргі уақытта жоспардан тыс тексеру жұмыстары аяқталды. Әрбір ғимаратта орта есеппен 5-тен 30-ға дейін заңбұзушылық фактілері тіркелді. Жалпы саны 1479 ереже бұзылғаны есепке алынды. Көбіне эвакуация жолдары мен шығу есіктерінің шиеленісуі, электр жабдығы талапқа сай болмай, желілердің бұралып қалуы, бастапқы сөндіру құралдарының болмауы және өрт автоматикасындағы ақау анықталып отыр. Осыған орай, 89 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деді ШҚО ТЖД өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасының басшысы Мақсат Оспанов.