ШҚО-да 12 мыңнан астап көпбалалы отбасы жаңа жылдан бастап жаңа мемлекеттік жәрдемақы алады

299
көрілім

Жаңа мемлекеттік жәрдемақыны 4 немесе одан да көп кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын балалары бар барлық отбасыларға олардың табыстарына қарамастан төлеу жоспарлануда. Жәрдемақы мөлшері бала санына байланысты болады. Анығырақ айтсақ, 4 баласы бар отбасыларға 42 496 теңге, 5 балалыға - 53 127 теңге, 6 балалы жанұяға - 63 757 теңге, 7 және одан да көп балалары бар отбасыларға - 74 388 теңге жәрдемақы төленеді. Жәрдемақы мөлшері орташа алғанда әр балаға 10-11 мың теңгені құрайды, бұл 2018 жылы тағайындалған жәрдемақы мөлшерінен 4-7 есе көп. ШҚО-да алдын ала есептеулерге сәйкес жаңа жәрдемақы 12525 отбасыға төленеді деп жоспарлануда. Өңірде 4 баласы бар 8 мыңнан астам отбасы, 5 балалы - 3 мыңға жуық, 6 балалы 1 мыңнан астам, 300-ден астам 7 балалы отбасы бар.

- Менің кәмелетке толмаған 7 балам бар. Үйді жалға алу әрине, қиын. Бірақ АӘК алғалы жағдайымыз жақсарып қалды. Жаңа жылдан бастап көпбалалы отбасыларға арналған жаңа мемлекеттік жәрдемақы және кепілдендірілген әлеуметтік пакет болады деп естідім. Мемлекет тарапынан жасалып жатқан мұндай қамқорлықтары үшін біз өте қуаныштымыз, - дейді көпбалалы ана Раушан Ахметова

Жалпы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметтері бойынша, 346 мың жанұя көпбалалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы төлеуге өтініш бере алады. Бұл мемлекетті жәрдемақыны енгізу азқамтылған және көпбалалы отбасыларды қолдаудың негізгі үш бағытының бірі болып табылады.

-Ең басты қағида - мемлекет көмекке мұқтаж адамдарға, әсіресе балалар мен көпбалалы отбасыларға көмектеседі! Еңбекке қабілетті азаматтар жұмыс істеуі керек, мемлекет жұмыс табуға немесе шағын бизнеспен айналысуға да қолұшын созады. Мемлекеттік көмек көп балалы отбасыларды қолдау, азқамтылған отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек және балаларына арналған кепілдендірілген әлеуметтік пакетпен қамтамасыз етеді, - деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов, Қазақстанда енгізілуі жоспарланған АӘК ұсынудың жаңа тетіктерін таныстыру 2020 жылдың 1 қаңтарында өтетін Үкімет отырысында жоспарланған. АӘК аз қамтылған, оның ішінде көпбалалы отбасыларға төленеді.

Егер еңбекке қабілетті отбасы мүшелері ұсынылған жұмысқа орналасуға ықпал ету шараларынан бас тартса, онда АӘК төлемі бүкіл отбасына да тоқтатылады.

Әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардағы балаларға кепілдендірілген әлеуметтік пакет енгізу ұсынылады. 1 жастан 6 жасқа дейінгі балалар азық-түлік жиынтығы, гигиеналық заттармен қамтамасыз етіледі, 6 жастан 18 жасқа дейінгі балалар мектептерде ыстық тамақпен, тегін оқу құралдары және мектеп киімдерімен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар мектепке бару шығындары өтеледі. 18 жасқа дейінгі балаларға медициналық көмек, оның ішінде стоматологиялық көмек ақысыз және әлеуметтік медициналық сақтандырудың кепілдік берілген көлемі аясында көрсетіледі.