ШҚО-да 15 жастағы жасөспірім мопед ұрлаған

544
көрілім
Шартты фотосурет

Сәуір айының 23-і күні Алтай қалалық полиция бөлімінің «102» жедел арнасына 45 жастағы қала тұрғыны жүгініп, мопедінің ұрланғандығына шағымданған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Берілген мәліметке сүйенсек, белгісіз адам құлыпты сындыру жолымен гаражға кіріп, бағасы 50 000 теңге тұратын «Racer» мопедін ұрлап кеткенін хабарлаған.

- Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында криминалдық полиция қызметкерлері аталған қылмысты «ізін суытпай» ашты. Ұрлыққа қатысы бар деген күдікпен 15 жастағы жасөспірім жеткізілді. Жауап алу барысында жасөспірім кінәсін мойындап, ұрланған мопедті иесіне қайтарды, - дейді ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

Қазіргі уақытта кәмелетке толмаған бала ата-анасына тапсырылды. Облыстық Полиция департаменті ата-аналарға балалармен қылмыстық құқық бұзушылық жасауға жол бермеу мақсатында тұрақты негізде профилактикалық әңгімелер жүргізу қажеттігін ескертеді.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі 3-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.