ШҚО-да 294 адамды ит қапқан

117
көрілім
Фотосурет Halyq-uni.kz сайтынан

Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшылығының ақпаратынша, кез келген үй жануары тырнап, болмаса, тістеп алса, құтырық ауруының таралуына әкелуі мүмкін, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Ресми ақпаратқа сүйенсек, эпизоотиялық тұрақсыз жағдай былтыр облыстағы 4 ауданда тіркелді. Атап айтсақ, Глубокое, Катонқарағай, Алтай және Тарбағатай аудандары. Ол жақтарда 13 жануардың ауру екені анықталған: екі түлкі, бір жылқы, екі ұсақ мал және сегіз ірі қара.
Жалпы, жыл басталғалы үш ай ішінде тырнап, тістеп, сілекей жұқтыру бойынша медициналық мекемелерге 400 адам жүгінген. Соның ішінде: 294 жағдай - ит қабу бойынша тіркелген. 164 жағдайда қаңғыбас иттер азуын батырса, 130-нда байлаудан босап кеткен иттер шапты. 93 шағым мысықтардың тырнап, тістеп алуымен байланысты. Бұдан бөлек, жылқы, егеуқұйрық, қояндар да қауіп келтіріпті.