ШҚО-да аяғы ауыр әйел перзентханаға жол талғамайтын көлікпен жеткізілді

252
көрілім

Бесқарағай ауданында аяғы ауыр әйел перзентханаға жол талғамайтын көлікпен жеткізілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

- 29 қаңтар күні қалың қар мен бұрқасынның салдарынан Бозтал ауылындағы жүкті әйел перзентханаға жете алмай қалған. Осыны естіген өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері бірден «КУНГ» маркалы жол талғамайтын көлікпен сол жерге аттанды. «Семей орманы» табиғи резерватының Бөкебай ауылдық филиалының мамандары әйелді ертіп, олардың алдарынан шыққан, - деп хабарлады ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Әйел адам аман-есен Семей қаласының перинаталды орталығына жеткізілген.