ШҚО-да «Бірқабатты Шығыс» бағдарламасы жемісті жүзеге асуда

393
көрілім

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданында 8 мың шаршы метрден астам тұрғын үй салу жоспарлануда, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

2020 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтың бастамасымен «Бірқабатты Шығыс» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Осы бағдарлама аясында биыл Ұлан ауданында 12 екіпәтерлі жеке тұрғын үй салынды. Бұл туралы баспасөз мәслихатында аудан әкімі Ренат Құрмамбаев айтып берді.

 

- Биыл Қасым Қайсенов кентінде, Таврия, Бозанбай ауылдарында үйлер салынған. Келесі жылы Қасым Қайсенов кентінде, Герасимовка, Мамай батыр және Сағыр ауылдарында 25 екпәтерді жеке тұрғын үй пайдалануға берілмек. Сонымен қатар «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес 4050 шаршы метр тұрғын үй салу жоспарлануда. Жалпы, 2022 жылдың соңына дейін 8,5 мың шаршы метр тұрғын үй бой көтереді, - деді ол.