ШҚО-да бірқатар тасжолдар қардан тазартылды

283
көрілім

ШҚО-да ауа райының күрт өзгеруінен жабылған облыстық, республикалық маңыздағы тасжолдар қардан тазартылуда, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі ШҚО ТЖД ресми сайтына сілтеме жасап.

Бүгін сағат 10.30-да облыстық маңызы бар «Семей-Қарауыл» тасжолының 4-182 шақырымы, «Семей-Долонь-Үлкен Владимировка-Қоянбай» тасжолының 0-184 шақырымы барлық көлік түрлері үшін ашылды.

«Қазавтодор» ЖШС ШҚОФ ақпараты бойынша, сағат 9.40-та «Алматы-Өскемен» тасжолының 971-1068 шақырымы (Қалбатау.а — Қасым Қайсенов.к), сағат 10.00-де «Омбы-Майқапшағай» тасжолының 756-906 шақырымы (Семей.қ — Қалбатау.а) республикалық маңыздағы тас жолдары барлық көлік түрлері үшін ашылды.