ШҚО-да биыл дала өрті 68% артқан

241
көрілім

ШҚО-да биыл дала өрті былтырғыдан қарағанда 68% өскен. Бұл туралы Семей қаласы Төтенше жағдай басқармасының баспасөз қызметі хабарлады, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

Мамандардың айтуынша, өрттің жиілеуіне күннің күрт ысуы мен қоршаған ортаға адамдардың салғырттық танытуы себеп болған.

Сондықтан өрт сөндіру қызметіндегілер облыс жұртшылығынан құрғақ шөптің маңында қоқыс өртемеуді және жалын көрген жағдайда бірден хабар беруді сұрайды.