ШҚО-да «Болашаққа есірткісіз!» атты жақсылық эстафетасы жалғасуда

303
көрілім

ШҚО полицейлері ҚР Ішкі істер министрлігі бастамашылық еткен республикалық акция аясында донорлық эстафетаны қабылдады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Қараша айының 26-сы күні Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Облыстық қан құю орталығында донорлық қан тапсырды.

- Ерікті түрдегі қайырымдылық акциясы донорлық қанға зәру адамдарға көмек көрсетуге бағытталған, - деп атап өтті ШҚО Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы полиция полковнигі Нариман Кульдиков.

Өз кезегінде қан орталығының насихаттау жөніндегі менеджері Мира Ақылбекқызы полиция қызметкерлеріне акцияға қатысқаны үшін шексіз алғыс білдірді.

Естеріңізге сала кетсек, ШҚО құқықтық тәртіп сақшылары үшін бұл іс-шара дәстүрлі болып табылады және ерікті негізде өткізіледі.

- Біз шұғыл түрде қан құюға мұқтаж адамдарға көмектесе алатынымызға қуаныштымыз. Тапсырған донорлық қан көптеген адамдардың өмірін сақтап, денсаулығын жақсартуға көмектеседі деп үміттенеміз, - деді ШҚО Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері.

Өңір полицейлері донорлық эстафетаны Жамбыл облысының Полиция департаментіне тапсырды.