ШҚО-да бұрқасын соғады

204
көрілім
Шартты фотосурет

Еліміздің басым бөлігінде солтүстік-батыс циклоны және онымен байланысқан атмосфералық фронттар әсерін тигізетіндіктен бірқатар облыстарда қар жауады, деп хабаралайды Buqara.kz сайтының тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Республика бойынша тұман, көктайғақ болып, жел күшейеді, солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта жаяу бұрқасын соғады деп болжануда.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында бұрқасын, көктайғақ болып, жел екпіні 23 м/с жетеді.

Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында көктайғақ, жаяу бұрқасын соғып, тұман күтіледі.