ШҚО-да бұрқасын соғады

375
көрілім
Шартты фотосурет

Бүгін республиканың басым бөлігінде қар жауады. Шығыс және орталықта қалың қар күтіледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болжанады. Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, екпінді жел сақталады.

ШҚО-ның кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Жекелеген аудандарда желдің күші 30 м/с және одан жоғары күшеюі ықтимал.