ШҚО-да дәрігерлерге «Алғыс пакеттері» берілуде

410
көрілім

Шілде айының 17-сі күні «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» Жастар Қанатының ШҚОФ дәрігерлерге «Алғыс пакеттерін» табыстау акциясын «Семей қаласының жұқпалы аурулар ауруханасында» ұйымдастырды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Әрбір пакетте дәрігерлерге арналған дәрумендер мен пайдалы қасиеттері бар өнімдердің оннан астам түрі салынған. Пакеттерге аталған өнімдер дәрігерлердің ұсынысы бойынша дайындалған.

Іс-шара COVID-19 пандемиясына қарсы күрес кезінде отандық дәрігерлерді қолдау аясында өткізілуде және еліміздің барлық өңірлерінде жалғасын табуда.