ШҚО-да әлеуметтік маңызы бар тауарлар мониторгингісі қорытындыланды

384
көрілім
Шартты фотосурет

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша департаментінің "ANTIKOR ORTALYǴY" сервис орталығында Нұр Отан партиясы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Қоғамдық кеңесінің төрағасы Александр Светаш онлайн брифинг өткізді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Брифинг барысында ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің Facebook парақшасында әлеуметтік маңызы бар тауарларға жүргізілген мониторинг қорытындысы сөз етілді. Александр Светаш әлеуметтік маңызы бар 19 түрлі тауар бағасының мониторингісі бойынша қарақұмық жармасының қымбаттағанын жеткізді. Одан бөлек, өскемендіктер үшін тағы бір өзекті мәселе – өз саяжай учаскелеріне рұқсаттамалар бойынша жылжу мәселесі болып саналатынын да алға тартты.

Жауапты тұлғаның сөзінше, қала тұрғындары өз автокөлігінің нөміріне сәйкес шыға алады (жұп күнтізбелік күндер бойынша 0 - ді қоса алғанда, жұп санға аяқталатын нөмірлері бар автокөліктер қозғалатын болады; Тақ күнтізбелік күндерде, тақ санға аяқталатын нөмірлері бар автокөліктер қозғалатын болады).