ШҚО-да энергетиктер «Біз біргеміз» акциясына қатысты

468
көрілім

Шығыс Қазақстан аймақтық энергетикалық компаниясының қызметкерлері Өскемен және Семей қалаларының көшелерін қардан тазартуға атсалысты, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

«Біз біргеміз» акциясына қатысқан энергетиктер Өскемендегі Согра кенті мен Защита ықшам ауданында және Семейдегі Водный, Мирный көшелерінде жалғызбасты зейнеткерлердің ауласын қардан тазартты.

- Игі акцияның эстафетасын «Өскемен СЭС» ЖШС қызметкерлеріне жолдаймыз» - делінген Шығыс Қазақстан аймақтық энергетикалық компаниясы баспасөз қызметінің мәліметінде.