ШҚО-да еріктілер сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске тартылмақ

176
көрілім

Өңірде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске еріктілер тартылады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Бүгін Өскемендегі ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің сервистік «ANTIKOR ORTALYGY» ғимаратында өңір жастарының қатысуымен жиын өтті. Шара барысында агенттіктің превенция және парасат басқармасының басшысы Ренат Набиев «Jas Otan» жастар қанаты облыстық филиалының мүшелері мен С.Аманжолов атындағы ШҚМУ, Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ және ҚАЕУ студент-еріктілерін сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірлесе әрекет етуге шақырды.

– Жастар өздерін мазалап жүрген сұрақтарға жауап алып, ұсыныс-тілектерін білдірді. Еріктілер жемқорлыққа қарсы қолға алынып жатқан әр бастамаға қолдау танытты, - деп хабарлады ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі.

Әділхан ЕСІМХАНОВ