ШҚО-да әйелдер мен балалар құқықтарын қорғау мәселелері талқыланды

158
көрілім

Желтоқсан айының 9 күні күні «Nur Otan» партиясы жанындағы Отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өңірлік Қоғамдық кеңестің отырысы өтті.

Отырыстың күн тәртібінде «Nur Otan» партиясы ШҚО филиалының сайлауалды бағдарламасын іске асыруға арналған өңірлік Жол картасы бойынша екі сұрақ және «Бақытты» отбасы партиялық жобасын жүзеге асыру бойынша бір сұрақ қаралды.

Бірінші сұрақ елдің қоғамдық-саяси өмірінде әйелдердің рөлін арттыру, өзін-өзі жүзеге асыру үшін тең мүмкіндіктер жасау жөніндегі шаралар туралы. (Өңірлік Жол картасының 21 тармағы).

Екіншісі әйелдердің еңбек құқықтарын қамтамасыз ету, олардың экономикалық белсенділігін ынталандыру, әйелдер кәсіпкерлігін қолдау және дамыту жөніндегі жұмыстың жай-күйі туралы. (Өңірлік Жол картасының 24,26 тармақтары).

Үшіншісі «Бақытты отбасы» партиялық жобасын іске асыру шеңберінде көп балалы аналарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі.

Жиында көтерілген сұрақтар бойынша тиісті басқармалар ақпараттар беріп атқарылған жұмыстар бойынша есеп берді.