ШҚО-да қатты ыстық күтіледі

413
көрілім
Шартты фотосурет

Синоптктер ауа райының қолайсыздығына байланысты бүгін бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Ақтөбе облысының кей жерлерінде күндіз 37 градус қатты ыстық күтіледі.

Күндіз Түркістан облысының тауларында найзағай болжанады. Кей жерлерде шаңды дауыл тұрып, солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 23 м/с дейін артады. Шымкент қаласында таңертең және күндіз солтүстік-шығыстан 15-20 м/с екпінмен жел соғады.

Таңертең және күндіз Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, 35 градусқа дейінгі қатты ыстық күтіледі.