ШҚО-да қатты ыстық күтіледі

515
көрілім
Шартты фотосурет

Ел аумағының басым бөлігінде атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Бірқатар өңірлерде найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жауады. Республиканың кей жерлерінде дауыл соғып, желдің күшеюі күтіледі.

Павлодар, күндіз Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде желдің екпіні 25 м/с-қа жетуі күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал.

Күндіз Алматы, Қызылорда, Атырау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында қатты ыстық күтіледі.

Синоптиктер Қызылорда, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде, Алматы, Жамбыл, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстарының жекелеген аудандарында өте жоғары өрт қаупі күтіледі деп болжауда.