ШҚО-да көктайғақ болады

348
көрілім
Шартты фотосурет

Бүгін атмосфералық ағындардың әсерінен еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Еліміздің басым бөлігінде қар жауып, оңтүстік бөлігінде қар аралас жаңбыр жауады, кей кезде қатты нөсер жаууы ықтимал.

Тек республиканың батысында күн райы ашық болады.

Шығыс Қазақстан облысының шығыс бөлігінде, орталығында, оңтүстігінде бұрқасын соғып, көктайғақ болуы ықтимал, жел 15-20 м/с, түнде екпіні 25 м/с жетеді деп болжануда.