ШҚО-да көлік жүргізу құқығынан айырылған ер адам ұсталды

348
көрілім

Желтоқсан айының ортасында ШҚО ПД патрульдік полиция батальонының экипажы Шүлбі кентінде жанармай құю станциясы ауданын патрульдеу кезінде «ВАЗ» маркалы автокөлігін тоқтатты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Әңгіме барысында 41 жастағы ер адамнан алкогольдің иісі шығып тұрды. Ішкен-ішпегенін тексеру үшін медициналық куәландырудан өтуге жіберіліп, нәтижесінде мас болғаны анықталды.

Сонымен қатар жүргізуші тамыз айында көлік құралын басқару құқығынан 7 жыл мерзімге айырылған.

- Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігіне сәйкес (көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Құқық бұзушы уақытша ұстау изоляторына қамалды, - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.