ШҚО-да қыста қайда демалуға болады?

728
көрілім

Бұрқ-сарқ етіп долданып, қылышын қоса сүйретіп қыс та келіп жетті. Сенбі-жексенбі күндері кімнің болсын қаладан тысқары шығып, демалысын ойдағыдай өткізуге ниеттенетіндіктері сөзсіз. Бірі – аяқтарына сноуборд пен шаңғыларын іліп алып, таудан төмен қарай сырғанауды жөн көрсе, бірі жай ғана жаймашуақ қыстың көркем келбетін тамашалап, серуендеп қайтуды құп санайды. Жалпы, бос уақытыңызды тиімді әрі көңілді өткізудің бірнеше нұсқасы бар. Айталық, кәдімгі есекке мініп белгілі бір аумақты аралап қайту, немесе… иттер жегілген шанаға отыру. Одан бөлек, қарда жүретін көлік, квадрацикл, шана, сондай-ақ тұлпар ерттеп, табиғат аясына шығып қайтуға бар мүмкіндіктер қарастырылған. Осы сандағы мақалада қысқы демалысты қызықты етіп өткізуге арналған түрлі тәсілдер мен нұсқаларды ұсынбақпыз, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

«Алтай Альпісі» тау шаңғысы курорты
Өскеменнен 24 шақырым жерде таулы Үлбі шатқалында орналасқан.
Демалыс орнының тынығушылар назарына ұсынатыны:
төрт арқанды жолақ: түрлі деңгейдегі күрделілік бойынша бойжазуға болатын екі ілмекті және екі орынтақты 12 ылди-төмен сырғанақ бар. Ілмекті жолақпен көтерілуге –  450,  орынтағы бар көтергішпен көтерілуге 600 теңге төлейсіз;
тау-шаңғысы жабдықтарын жалға алу – 4000 теңге. Бұл жерде шаңғы немесе сноубордтың бірін таңдасаңыз күні бойы пайдалануға болады;
тау-шаңғы және сноуборд мектебі (жекелей және топпен сабақ өткізу);
бар жағдайы жасалған люкс және жартылай люкс бөлмелерді жалға алу;
салт атпен серуендеу;
Мекенжайы: Қабанбай батыр көшесі 160, 1 ғимарат.
Анықтама телефоны: 49-20-72, 8-777-401-53-40.

«Синегорье» демалыс базасы
Риддер қаласы маңында, табиғаты көз тартатын Громотуха өзенінің жағасында орналасқан. Айналасын қарағайлы орман қоршап тұр.
Демалыс орны тынығушылар назарына:
төбешіктен сырғанау;
конькимен сырғанау;
шаңғымен жүгіруге арналған жол;
стьюбпен сырғанау;
спорттық жабдықарды жалға алу қызметтерін ұсынады.
Нақты бағаларын тиісті нөмірге хабарласып білуге болады.
Аталмыш демалыс орнында желтоқсан айының 14-29 күндері аралығында Аяз ата резиденциясы жұмыс істеп тұрады. Ақ сақалды Аяз атаға кез келген ата-ана бауыр еті баласын ертіп әкеле алады. Десе де төменде берілген нөмірге қоңырау шалып, кезегіңізді бекітіп алғаныңыз жөн.

Анықтама телефоны: 8-(72336)-303-30, 8-777-201-18-67.

Қала сыртындағы «Нұртау» курорт-қонақүйі
Өскеменнен 35 шақырым, Бобровка ауылынан сегіз шақырым жерде орналасқан.
Бұл жерге негізінен жастар көп келеді. Одан бөлек, демалысын ерекше әрі қызықты өткізуді жоспарлаған отбасылар мен бір өзі демалатындар келуге құштар.
Курорт мынадай қызметтер ұсынады:
ілмекті көтергішпен жабдықталған екі тау шаңғысы трассасы;
стьюбпен сырғанауға арналған жеке трасса;
шаңғы теуіп үйренетін жеке жолақ;
тау шаңғысы жарақтарын жалға алу және жөндеу;
шаңғы тебуге үйрететін мектеп (балалар мен ересектерге, жекелей және топпен барып, арнайы маманнан дәріс алу);
«Терем Ок» аталатын тәрбиешісі бар балабақша. Түрлі ойындар ойнауға мүмкіндік беретін шығармашылық аймақтар;
Өткен маусымда шаңғы теберде әр адамда қауіпсіздік бас-киімі болуы тиіс болатын. Кімде жоқ, аталмыш демалыс орнындағы әкімгерлер бұл жағын да қарастырған екен. Яғни келген меймандардың қауіпсіздігіне барынша мән беріледі деген сөз.
Тау-шаңғы жабдықтарынан бөлек, стьюбтерді да жалға алуға болады. Демалыс күндері сағаты – 1500 теңге.
Бэбилифт көтергіші бар стьюбтердің сағаты – 1500 теңге (жұмыс күндері), демалыс күндері – 2000 теңге.
Нақты бағаларын bobrovka.kz сайтынан біле аласыздар.
Инстаграм: @nurtau.vko.
Мекенжайы: Н.Назарбаев даңғылы 92/1, («Renault» автосалоны)
Анықтама телефоны: 8-705-798-53-56.
Сайт: bobrovka.kz

«Зиновьевка» демалыс орны
Риддер тасжолы бойымен Өскеменнен 85 шақырым жерде орналасқан (Черемшанка ауылынан кейін). Демалыс орны қалың орманның қақ ортасында орналасқандықтан келушілерде табиғатты тамашалап, сергек серуен құрып қайтуға мүмкіндік бар. Одан бөлек, шаңғымен таудан төмен қарай сырғанауға еш кедергі жоқ.
Аталған база қандай қызметтерге ие?
квадрацикл және қарда жүретін көлікпен қыдырғыңыз келсе 10 минутқа 3000 теңге төлеу қажет;
шаңғымен жүгіргіңіз келсе сағатына 500 теңге төлейсіз;
жегілген шанаға 4 ересек адам отырып серуендесеңіз  ақысы – 2000 теңге;
стьюбпен сырғанайтын ілмекті алғыңыз келсе, сағатына – 1000 теңге;
балалар мұз айдынында сырғанауға мүмкіндік алады;
Мекенжайы: Қазақстан көшесі 126.
Анықтама телефоны: 21-22-54. 8-705-318-80-52, 8-777-232-71-19.

«Серый луг» демалыс орны
Ресей шекарасына дейін Риддерден 30 шақырым қашықтықта орналасқан. Бұл жердің иелері нағыз «ауыл тұрмысынан сыр шертетін» демалыс түрлерін ұсына алатындықтарын жеткізді. База қандай қызметтер ұсына алады?
алдын ала келісіп алса, онда салт атпен серуендеп қайтуға болады;
тау шаңғысы және сноубордпен экстремалды сырғанау түрлері (өзіңізбен тауға көтерілетін қарадымдағыш ала келуге тиіссіз);
Анықтама телефоны: 8-(72336) 3-05-57, 8-708-643-01-35.

«Климовка» демалыс орны
Өскеменнен 160 шақырым жерде (Ресей шекарасына қарай Риддерден 30 шақырым жерде) орналасқан.
Демалыс орнында мынадай қызмет түрлері көрсетіледі:
стьюбпен сырғанау;
салт атпен, есекпен серуендеу (балалар үшін), шана да бар;
орманда серуендеу, шаңғы тебу;
зообақ
Анықтама телефоны: 8-777-230-07-38.
Сайт: klimovka.kz

«Эдельвейс» демалыс орны
Бұл Риддерде. Мынадай қызмет түрлері бар:
күрделілігі және ұзындығы әртүрлі төрт трасса;
жоғарыға көтерілуге болады (350 теңге);
спорттық жабдықты жалға алу (екі сағатқа – 2500 немесе тәулігіне 5000 теңге);
қар кешкішпен қыдыру – 20 минутқа 2500 немесе тәулігіне 5000 теңге;
киім-кешек пен спорттық жабдықтарды кептіріп, құрғатып алу;
Анықтама телефоны: 8-777-257-48-57.
Сайт: bazaridder.com

«Stardust camp» тау шаңғысы базасы
Риддерде, Жоғарғы Хариузовка кентіндегі Ивановский жотасының етегінде орналасқан.
жоғары қарай көтергіш және әралуан күрделілігі бар тау-шаңғы түсіргіші бар;
шаңғы мен сноубордты жалға алу;
стьюбті жалға алу;
жол талғамайтын көлікпен серуендеу
Анықтама телефоны: 8-(72336) 3-07-13, 8-701-752-05-69.

«22-ші шақырымдағы ат спорт клубы» демалыс орталығы
Өскеменнен Таулы Үлбіге қарай 22 шақырым қашықтықта орналасқан.
Аталған базаға өз көлігіңізден бөлек, белгілі бір кестеге сәйкес ТМК аялдамасынан кейін қатынайтын №357 автобуспен де жетуге болады.
Демалыс орталығы ұсынатын қызметтер:
стьюбпен сырғанау;
понимен және атпен серуендеу;
демалыс бөлмесін жалға алу.
Мекенжайы: Қазақстан көшесі, 107.
Анықтама телефоны: 52-63-52, 8-705-507-18-20.
Сайт: konnyi-dvor.kz

«Березовка» демалысты отбасылық және туристік демалыс базасы
Риддерде (Коноваловка ауылынан 4-5 шақырым жерде) орналасқан.
Демалушылар назарына:
шаңғы мен стьюбтерді жалға алу;
арнайы маман жалдап, тау шаңғысымен немесе сноубордпен сырғанауды үйренуге болады (дәріс «Вертикаль» базасында өтеді, бұл Березовкадан ары кетсе 7 минуттық жерде).  
Анықтама телефоны: 8-777-410-77-35.
Сайт: www.poedem-na-altay.kz

Фотосурет moya-planeta.ru, alps.altay.kz, bobrovka.kz, voxpopuli.kz сайттарынан

Әділхан ЕСІМХАНОВ