ШҚО-да мамыр айында әуе рейстері қайта ашылады

341
көрілім
Шартты фотосурет

Өңірде келесі айдан бастап әуе рейстері ашылады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. Бұл жөнінде облыс әкімі Даниал Ахметов Instagram-дағы парақшасында жазған болатын.

– Мемлекеттік комиссияның төрағасы, еліміздің Премьер-Министрі Асқар Маминнен Шығыс Қазақстан қалалары мен Нұр-Сұлтан, Алматы арасындағы ішкі авиарейстерді ашуға рұқсат беруін сұрадым. Осылайша, біз мамыр айының басынан облыстар арасында елімізде алғашқылардың бірі болып әуе қатынасын қайта ашамыз. Күн сайын Нұр-Сұлтан мен Алматыдан Өскеменге дейін және кері қарай екі рейстен қатынайтын болады. Сондай-ақ «Нұр-Сұлтан-Семей», «Алматы-Семей» бағыттары бойынша бір рейстен ұшады, - дейді аймақ басшысы.