ШҚО-да мемлекеттік-жекешелік серіктестік аясында балабақша құрылысы қарқынды жүргізілуде

282
көрілім
Шартты фотосурет

Өңірде ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар және мемлекеттік-жекешелік серіктестік аясындағы бірқатар жобалар жүзеге асырылуда, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

«Өңірлерді дамытудың» жаңа бағдарламасына сәйкес Шығыс Қазақстан жоғары технологиялық ғылыми өндіріс орталығына айналмақ.

– Бүгінгі күні өңір металлургия саласында жетекші рөл атқарады. Облыста ғылым мен өндірісті байланыстыруға бағытталған ауқымды жұмыстар атқарылуда. Мәселен Шығыс Қазақстан Техникалық университетінде ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар аясында бірқатар жобалар қолға алынған. Атап айтқанда, ірі кәсіпорын базасының бірінде тантал импланттары жасалып, заманауи медицинаға қажетті техника шығарылды. Бұл Шығыс Қазақстанның экспорттық әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді, - делінген ШҚО Ақпарат орталығы таратқан мәліметте.

Сондай-ақ шекаралық аудандарды дамытып, аталмыш аумақтарды инвестиция тарту орталықтарына айналдыруға баса назар аударылуда. Бұдан бөлек, Шығыс Қазақстан республикада бірнеше жыл бойы мемлекеттік-жекешелік серіктестікті дамыту бойынша көш бастап келеді. Өңірде осы мақсаттағы жұмыстар Президент тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылуда. Атап айтсақ, мемлекеттік-жекешелік серіктестік аясында мектепке дейінгі мекемелер құрылысы қарқынды жүргізілуде. Бұл өз кезегінде жаңа жұмыс орындары ашылып, балабақша кезегін азайтуға мүмкіндік береді.